Президент бастамасына Алматы спортшылары қолдау білдірді

11 қазан, 2018, 10:53 2274 Алматы
Президент бастамасына Алматы спортшылары қолдау білдірді

Елбасы Жолдауының маңызды бөлігінің бірі – дене шынықтыруды дамыту мен бұқаралық спортқа жұртшылықты кеңінен тарту.

Қазақстан Президентінің бастамасына алматылық спортшылар қолдау білдірді. Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының маңызды бөлігінің бірі – дене шынықтыруды дамыту мен бұқаралық спортқа жұртшылықты кеңінен тарту, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы активімен кездесу кезінде қазақ боксшысы, Олимпиада чемпионы, дайындық орталығының директоры Ермахан Ыбрайымов Президенттің Жолдауда спорт саласына ерекше назар аударғанын, 2030 жылға дейін еліміз халқының 30-35%-ы спортпен айналысуы тиіс екенін атап өтті.

"Қолда бар спорт орындарды, әсіресе мектептердегі, аулалардағы, саябақтар мен скверлердегі спорт алаңдарын дене шынықтыру сабақтарына тиімді пайдалану қажет. Балалар мен қала тұрғындары спортпен айналысулары үшін спорт объектілерінің барлық есіктері ашық болуы тиіс", - деді Ермахан Ыбрайымов.

Өз кезегінде, семсерлесу бойынша халықаралық спорт шебері, нұсқаушы әрі үйлестіруші Кирилл Пилипенко қалада аулалардағы спорт алаңдарына ерекше мән берілетінін атап өтті.

"Қазіргі кезде қаладағы 8 ауданның 150 аула алаңдарында 100-ден астам нұсқаушы жұмыс істейді. Біз чемпиондар лигасын өткіземіз, республикалық жарыстардан кем түспейтін сайыстар барысында балдырғандарға дипломдар, жүлделер тапсырамыз. Балалар мұндай шараларға қатты қуанады. Тағы бір айтарым, 1 қыркүйекте біз сараптама жасадық, 17 мың бала, жасөспірімдердің 50%-дан астамы біздің аулаларда шынығады екен. Келер жылы бұдан да көп болады. Тағы 150 алаңды іске қосамыз. Біз дене қозғалысын қажет ететін спорт түрлері: футболға, көктегі хоккейге, жеңіл атлетикаға және ұлттық спорт түрлеріне басымдық берудеміз. Бұлар біздің болашақ спортшыларымыз, салауатты ұрпағымыз", - деді Кирилл Пилипенко.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар