Президент газ және газбен жабдықтау мәселелеріне қатысты заңға қол қойды

09 шілде, 2018, 18:11 1797 Астана
Президент газ және газбен жабдықтау мәселелеріне қатысты заңға қол қойды

Бұл осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

ҚР Президенті бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасындағы ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар