Назарбаев Қостанай тұрғынына пәтер сыйлады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Қостанай тұрғынына пәтер сыйлады

02 қараша, 2017, 15:58 2029 Қостанай облысы
Назарбаев Қостанай тұрғынына пәтер сыйлады

Қостанай қалалық ауруханасының қызметкері Айгүл Сусымбаева туған күнінде пәтер кілтіне ие болды, деп хабарлайды BNews.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл Қостанай қалалық ауруханасының қызметкері Айгүл Сусымбаева Елбасына хат жазып, туған күнімен құттықтады. Ол хатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып, Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

«Мен бұл хатымның Елбасына жететініне сенбей жүрдім. Дегенмен, жақында ҚР Президенті кеңсесінің басшысы хабарласып, хатқа жауап берді. Ол менің хатымды алғанын және арманым туралы сұрады. Әрине, менің арманым – «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы пәтер алу», - деді хат иесі.

Міне, көп ұзамай Айгүл Сусымбаева туған күнінде армандаған пәтер кілтіне ие болды. Оны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды.

«Иә, бұл – Елбасының арқасы. Ол туған күнімде маған пәтер сыйлады. Мен үшін бұл күтпеген сыйлық болды. Адам не армандаса, соған қол жеткізеді. Қазір жұмыс істеймін деген адамға мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Сол себепті, тынбай еңбек ету керек», - деп ағынан жарылды қуаныш иесі Айгүл Сусымбаева.

Ол қазір қалалық аурухананың азық-түлік бөлімінде жұмыс істейді. Болашақта дәрігер болуды армандайды.

Еске салсақ, бүгін Қостанайда 120 пәтерлік екі үй пайдалануға берілді.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар