Президент студент-еріктілердің стипендиясын 30 пайызға өсіруді тапсырды

23 Января, 2019, 16:02 2041
Президент студент-еріктілердің стипендиясын 30 пайызға өсіруді тапсырды |  | BNews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев бұл студенттер үшін елеулі қолдау, ал халыққа пайда болатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті ерікті ретінде қызмет көрсететін студенттердің стипендиясын 30 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстандағы Жастар жылының ашылуына арналған форумда мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Студенттік шақ – еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы. Ол жастарға еңбек нарығына жылдам бейімделуге көмектесіп, олардың әрі қарай өзін-өзі танытуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы халықаралық есеп бойынша әлемдегі ең ірі 300 компания қызметкерлерінің үштен бір бөлігі аптасына жұмыс уақытының бір сағатын ерікті болуға жұмсайтынын айтты.

"Бұл студенттер үшін елеулі қолдау, ал халыққа пайда болады", - деді Мемлекет басшысы.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости