Президент арнайы экономикалық жаңа аймақтар құруға тыйым салды - Жаңалықтар | BNews

Президент арнайы экономикалық жаңа аймақтар құруға тыйым салды

09 ақпан, 14:50 1604 Астана
Президент арнайы экономикалық жаңа аймақтар құруға тыйым салды

Мемлекет басшысы осыған дейін ашылған 11 арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін саралап шығуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа арнайы экономикалық аймақтар құруды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өңдеу өнеркәсібінің өсу көрсеткішін қамтамасыз ету үшін барынша белсенді шаралар қажет. Үлкен бюджеттік қаржы арнайы экономикалық аймақтар құруға жұмсалуда. Олардың саны 11-ге жетті. Оған 283 млрд теңге бөлінді. Обласы әкімдері жаңа АЭА-тар құруды сұрап, қағаздарды үсті-үстіне жаудыруда. Үкімет осы бар 11 АЭА-тың жұмысын саралап шықсыншы. Олар бізге не берді екен? Осыны анықтап алғанша басқа АЭА құруды доғарыңдар. Барын ұқсатып алайық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында.

Елбасы мұнай мен газ өңдеу басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. 

"Алдағы жылдары 188 млрд теңге құю жоспарланып отыр. Тиімділі қаншалық? Мәселе осында болып тұр. Көптеген АЭА өз аймақтары үшін өсу діңгегі бола аламады. Аудан экономикасына инвестиция тарту үшін АЭА жұмысының басқа әлдеқайда белсенді жұмыс түрі қажет. Мұнай мен газ өңдеу басты бағыттардың бірі, бұл саланы дамыту өте маңызды. Және бұл сала болашақта әлі талай жылдар бойы басымдылыққа ие боалды", - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары