Президентке "Назарбаев Университетінің" ғылыми-зерттеу кешені көрсетілді

01 желтоқсан, 2018, 15:47 2554 Астана
Президентке

Ол "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі инфрақұрылымының бір бөлігі саналады.

Елбасы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу кешеніне барып, оның жұмысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған кешен "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі инфрақұрылымының бір бөлігі болып саналады.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар