Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: Желіде Елбасы сөзінің бейнежазбасы пайда болды - Жаңалықтар | BNews

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: Желіде Елбасы сөзінің бейнежазбасы пайда болды

05 наурыз, 16:44 2453 Астана
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: Желіде Елбасы сөзінің бейнежазбасы пайда болды

Мемлекет басшысы жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғанын атап өтті.

Елбасы бірлескен отырыс барысында халыққа арналған "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндеуде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғанын атап өтті.

"Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл, ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, патриоттық танытатын өздеріне сенімді адамдардың мекені деп санаймын", – деді Қазақстан Президенті.

 

Ұқсас жаңалықтар