Пробация сотталған адамның кәсіпкер атануына мүмкіндік берді

23 қараша, 2018, 18:49 3207 Қостанай облысы
Пробация сотталған адамның кәсіпкер атануына мүмкіндік берді

Аз уақыттың ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп шыққаны болмаса, оның өмірінің қатарластарынан аса айырмашылығы жоқ.

52 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны бас бостандығынан айыру орнынан бостандыққа шығып, түзу жолға түскенін дәлелдеп отыр. Металдан конструкция жасайтын цех ашуды жоспарлап отырған кәсіпкердің бұл ісіне туыстары көмек көрсетпек, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аз уақыттың ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп шыққаны болмаса, Тілегеннің өмірінің қатарластарынан аса айырмашылығы жоқ. Үлгілі тәртібі, қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін және еңбекқорлығымен түзеу мекемесі әкімшілігінің көзіне түскен оған сот жазасының қалған өтелмеген бөлігін қоғамнан оқшауламай өтеуге мүмкіндік берді.

Тілеген 2018 жылы пробация бақылауында тұрғанда сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағдарламасының аясында "Бастау бизнес" жобасы бойынша ҚАЖ-дың пробация қызметкерлері мен өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлік негіздері курсын ойдағыдай аяқтады.

Оған себеп, сотталған азамат пробация қызметінің есебіне тұра салысымен, 26 мың теңге стипендия ала отырып, газ және электр дәнекерлеушісі мамандығын игерді, кейіннен Қостанай қаласындағы кәсіпорындардың біріне жұмысқа қабалданды.

"Қазіргі уақытта Тілеген жазасын өтеу мерзімінен толық босатылған, жақсы тәртібі мен сот өкімдерін бұлтартпай орындағаны үшін пробация қызметінің есебінен де шыққан. Мұндай мысалдар қателігін түсініп, түзу жолға түскен бұрынғы сотталғандардың еліміздің толыққанды азаматы қатарына бола алатынының айғағы", - дейді Қостанай қаласы Пробация қызметінің бастығы Ерлан Тумурзин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар