Дәрігерлер алматылық жігіттер алып қашқан қыздың жағдайы туралы айтып берді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 343.06
EUR 402.38
CNY 51.34
RUB 5.49

Дәрігерлер алматылық жігіттер алып қашқан қыздың жағдайы туралы айтып берді

10 тамыз 2016 ж 14:23 , Алматы

Өзін алып қашып кеткен жігіттермен бірге жол апатына түскен Әлия Ошақбаева комадан шықты. Жақында қыздың жамбасына бірнеше операция жасалады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Болат Балақойшаев мәлімдеді.


Бас дәрігердің айтуынша, Әлия Ошақбаева ауруханаға ес-түссіз күйде түскен.

«Бойжеткен түннің бір уағында мүшкіл халде жеткізілді. Біз оны бірден жан сақтау бөліміне ауыстырып, жасанды тыныс алу аппаратына қостық. Тіпті өзінің қайда екенін де білген жоқ, ес-түссіз күйде түсті. Таңертең аздап жағдайы жақсара бастағанда, біз толықтай анализ жүргіздік. Енді соның қорытындысы бойынша қызды аяққа тұрғызу үшін жоспарлы емге көшеміз. Кейін облыстық немесе 4 қалалық ауруханаға ауыстырамыз. Онда науқастың жамбасына ота жасалады», - деді Балақойшаев.

Сондай-ақ бас дәрігер дөрекі сөйледі деп шағымданған қыздың әпкесінің әрекетіне ызасы келгенін айтты.

«Біз, дәрігерлер, барлығына бірдей қараймыз, ешкімді алаламаймыз. Алланың атымен ант етейін, Әлияның әпкесін ешқашан көрген емеспін, ол маған келген жоқ. Таңнан кеш батқанға дейін осындамын, сұрақтары болса маған келсін. Шағымданып, БАҚ-ты тартудың қажеті қанша? Егер осыдан кейін ақхалаттылардың бәрі жиенінің асты-үстіне түседі деп ойласа, онда қателеседі. Басқа науқастарды сонда кім қарайды екен? Әлия үшін не қажет болса соны жасап жатырмыз. Қолдан келгенді аянып қалып жатқанымыз жоқ. Сондықтан құр босқа жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. 22 жыл хирург болып істеп келемін, науқасты қалай емдеу керектігін одан гөрі жақсы білетін шығармын?! Осындай байбаламшыл туысқандардың кесірінен жақында ауруханаларда дәрігер қалмайды», - дейді ашуға булыққан Балақойшаев.

Естеріңізге салып өтсек, 8 тамыз түнде Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында «ВАЗ-2114»  Shaanxi-MAN  жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен қыз алып қашқан үш жігіт қаза тапты. 22 жастағы қалыңдық Әлия Ошақбаева аман қалған




Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары