Павлодар облысында екі адам өрттен қаза тапты
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 367.3
EUR 419.68
CNY 52.91
RUB 5.58

Павлодар облысында екі адам өрттен қаза тапты

ФОТО: army-news.ru

Павлодар облысына қарасты Лебяжі ауданының Черное ауылында төрт бөлмелі үй өртенді. Салдарынан баспана ішінде болған екі ауыл тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Абылайхан Құсмановтың хабарлауынша, қызыл жалын 100 шаршы метрді жалмады.

«Оқиға орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша 42 және 44 жастағы ауыл тұрғыны жанып кеткен. Өртті сөндіру үшін 14 маман атсалысқан. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның себебі мен шығын көлемі анықталуда», дейді Абылай Құсманов.

 

 

Тағы бір оқыс жағдай Павлодар қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тұрмыстық заттар жанып кетті. Салдарынан 6 жасар бала ауруханаға жатқызылып, 40 адам сыртқа шығарылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 20 маманы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан астам  адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді, бұл орын алған өрттердің 67 %-ын құрайды.


Қатысты жаңалықтар: