Прокурор Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр - Жаңалықтар | BNews

Прокурор Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

19 ақпан, 18:15 852 Астана
Прокурор Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

Мемлекеттік айыптаушы Ұлттық экономика экс-министрін мемлекеттік органдарда жетекші қызметтер атқару құқығынан да айыру керек деп отыр.

Прокурорлар Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тануды сұрап отыр. Мемлекеттік айыптаушы Әлібек Айтжановтың пікірінше, экс-министрді 12 жылға бас бостандығынан айыру қажет, деп хабарлайды  BNews.kz

Прокурор сот алдында Қуандық Бишімбаевті  ҚР ҚК  28 б.3 б, 189 б.4 б. 2 б  366 б, 4 баптары бойынша кінәлі деп танып, оған  28 б. 3б, 189 б , 4 б, 2е бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда өмір бойы басқарушы қызметтер атқару құқынан айыруды сұрап отыр.

366 баптың 4 бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп,  мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда өмір бойы басқарушы қызметтер құқынан айыруды сұрап отыр.

"ҚР ҚК 58 бабы 3 бөлігі, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, 12 жыл бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ сотталушының қылмысты жолмен иеленген немесе қылмыстық жолмен келген ақшаға алынған меншік мүлігін тәркілеу және мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда өмір бойы басқарушы қызметтер атқару құқынан айыруды белгілеу керек", - деді сот отырысы барысында Әлібек Айтжанов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевті ұстағаны туралы хабарлаған еді. Ол бірнеше рет аса үлкен көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

Қуандық Бишімбаев халықтан және Елбасынан кешірім сұрағаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары