Путин Назарбаевтың ең үздік ерекшеліктерін атады

10 мамыр, 2018, 11:42 2733
Путин Назарбаевтың ең үздік ерекшеліктерін атады

Владимир Путиннің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев – әрдайым болашаққа ұмтылатын адам.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшы ретінде ең үздік ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Президенті телерадиокешенінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин Ресей президенті Владимир Путиннен сұхбат алды.

"Ол Кеңес үкіметі кезінде-ақ мансабын жасап алған және керемет мансап жасаған. Және бұл әлі күнге дейін таңдандырады. Кеңестік дәуірге қарамастан, ол – әрдайым болашаққа ұмтылатын адам. Бұл оның ерекше қасиеті", - деп атап өтті Ресей Федерациясының басшысы.

Владимир Путин Қазақстан басшысының ұйымшылдықта қалай жұмыс істеуді өте жақсы білетінін сұхбат барысында айтты.

"Біріншіден, ол өте іскер және талапты адамдармен, жастармен ұйымшылдықта қалай жұмыс істеуді біледі. Ол ешқашан мықты адамдардан қорықпайды. Бұл кез келген күшті көшбасшының ерекшелігі", - деп сөзін толықтырды Владимир Путин.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Нұрсұлтан Назарбаев #Владимир Путин #сұхбат

Читайте также

Похожие новости