"Qazaq Banki"-нің үш мыңға жуық салымшысы өтемақы алды

08 қаңтар, 2019, 12:19 1698

"Qazaq Banki" АҚ-ның тарату комиссиясы 2019 жылдың 21 ақпанына дейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды.

2018 жылдың 24 желтоқсан күнінен бастап, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Банк ВТБ АҚ ЕҰ агент банкі арқылы "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына өтемақының төленуін жүргізіп жатыр, деп хабарлады, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының  баспасөз қызметі.

2019 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша, "Qazaq Banki" АҚ-ның 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теңгені құрайтын өтемақы алды. Бұл ҚДКБҚ-ның "Qazaq Banki" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы сомасынан 71%-ды құрайды.

Агент банкке жүгінген салымшылардың 93%-ы төлемді сол күні алды. Салымшылардың қалған 7%-ы, негізінен, мүдделерін сенімхат бойынша танытқан, өтініштері негізінде заңды қорытынды талап етілген үшінші тұлғалар, төлемді заңнамамен белгіленген бес жұмыс күні ішінде алды. Салымшылардың 84%-ы ақшаны агент банктің кассасында қолма-қол алып, ал 16%-ы ақшаны агент банктегі немесе басқа да банктегі банк шотына аударуды таңдады.

"Қазіргі таңда ҚДКБҚ-ның жалпы міндеттемелер сомасынан төленбеген 29%-ы кепілдік берілген өтемді алуға әлі жүгінбеген 15 мың салымшы үшін агент банкте көзделген (84%). "Qazaq Banki" АҚ салымшылары 2019 жылдың 24 маусымына дейін өтінішпен агент банкке кез келген уақытта жүгіне алады. Бұдан кейін өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады" , - делінген таратылған хабарламада.

Төлем жүргізудің бірінші апта қорытындысы бойынша ҚДКБҚ-ның, агент банк пен "Qazaq Banki" АҚ-ның тарату комиссиясының колл-орталықтарына 1 300 рет қоңырау шалынды. "Qazaq Banki" АҚ салымшыларынан 25 шағым түсті (бұл өтемақы алған "Qazaq Banki" АҚ клиенттерінің жалпы санынан 1%-дан аспайды). Агент банкі бөлімшелерінде жұмысты ұйымдастыру, бөлімшелердегі кезектер, кассаны қолма-қол ақшамен толтыруды күту сияқты мәселелер бойынша шағымдар түскен болатын. Негізінен, бұл мәселелер салымшылардың көпшілігі агент банкке төлем жүргізудің алғашқы күндері жүгінетіндігімен шартталған. ҚДКБҚ мен агент банкі жұмыскерлері әрбір шағым бойынша мәселелерді шешу үшін бүкіл қажетті жұмысты жүргізді.

Депозиттер бойынша кепілдік беру, өтемақыны төлеуді жүзеге асыру тәртібі, өтемақы сомасын есептеу туралы барлық мәселелер бойынша "Qazaq Banki" АҚ-ның салымшыларына ҚДКБҚ байланыс орталығының қысқа нөміріне 1460 хабарласуына, сондай-ақ, info@kdif.kz электронды поштасы бойынша, www.kdif.kz веб-сайтында сауалдарын қалдыруға болады.

Валютаны айырбастау бағамы, сыйақыны есептеу мен капиталға айналдыру, таратылатын банк алдындағы кепілдік берілген сомасы мен міндеттемелер сомасын есепке алу сияқты төлем сомасын есептеумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар "Qazaq Banki" АҚ-ның тарату комиссиясына жүгіну керек.

"Qazaq Banki" АҚ-ның тарату комиссиясы 2019 жылдың 21 ақпан күніне дейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #депозиттік салымдар #қаржы нарығы

Читайте также

Похожие новости