QazaqGeography "Менің Қазақстаным" фотобайқауын жариялайды

02 тамыз, 2018, 10:48 3257 Астана
QazaqGeography

Үздік фотосуреттер QazaqGeography фотокөрмесінде ұсынылады.

QazaqGeography 2018 жылғы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасатын "Менің Қазақстаным" фотобайқауын жариялайды, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Байқаудың міндеті - табиғат, қалалар, адамдар, Астана – төрт тақырыптық санатындағы ең қызықты, шығармашыл және әдемі фотосуреттерді табу. Қазылар алқасының құрамында QazaqGeography басшылығы Қанат Байғарин және Жана Рүстем, жобалар менеджері Нұржан Алғашов, сондай-ақ, PrimeMinister.kz бас редакторы Александр Белиловский және кәсіби фотографтар Деонисий Мить, Максим Золотухин бар.

Әрбір тақырыптық санаттың жеңімпаздары сыйлық сертификаттарына және басқа да жүлделерге ие болады, ал қазылар алқасы іріктеген үздік фотосуреттер QazaqGeography фотокөрмесінде ұсынылады. Астана суреттері, сондай-ақ, елорда тарихы жөніндегі қызықты графикалық, мәтіндік, картографиялық ақпаратты қамтитын "Астана: тарих кезеңдері" интерактивті жобасында жарияланатын болады.

Фотобайқауға қатысу үшін QazaqGeography мүшесі болу қажет. Мүшелік Қоғамның іс-шараларына және экспедицияларына қатысуға мүмкіндік береді. QazaqGeography қоғамына кіру және қатысу шарттары туралы толығырақ сайттан білуге болады.

QazaqGeography бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғат ресурстары; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі таңда Қазақстанда 11 өкілдік ашылған.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар