Qazcontent ұжымына BI Group компаниясының тәжірибесі таныстырылды 

18 мамыр, 2018, 15:08 3262 Астана
Qazcontent ұжымына BI Group компаниясының тәжірибесі таныстырылды 

Тәжірибе алмасу барысында "Qazcontent" АҚ ұжымы заманауи компанияның осы бағыттағы жетістіктерін меңгеруді көздейді.

Бүгін "Qazcontent" АҚ ұжымы BI Group холдингінің өндіріс аумағында болып, құрылысшылардың жұмыс тәжірибесімен танысып қайтты, деп хабарлайды  BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Компания мамандары алдымен келушілерге құрылыс алаңындағы қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұған қатысты ақпараттар арнайы бейнероликте көрсетіліп, құрылыс жүретін аумақтағы қызыл, жасыл аймақтардың қалай ажыратылатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан нысанның әр аумағында қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігі жөнінде айтылды.

Бүгінгі таңда BI Group шығындарды азайту арқылы бизнестің кірістілігін арттыруға бағытталған Lean технологияны және "Кайдзен" мен үздік HR-тәжірибені өндіріс үдерісіне енгізуді белсенді қолға алған компания.

Тәжірибе алмасу барысында "Qazcontent" АҚ ұжымы заманауи компанияның осы бағыттағы жетістіктерін меңгеруді көздейді.

Осы орайда "МЖК Астана" дивизионының бас директоры Руслан Мерғалимов Lean-технологияларға тоқталып, құрылыс алаңындағы жұмыскерлердің жұмыс істеу тәртібін түсіндірді.

"Жұмыс барысында өндірістегі әрбір құрылысшының жеке ой-пікірі, олардың тың идеялары да тыңдалып, әрдайым ынталандырылып тұрады", - дейді ол.

Кездесу барысында жаңадан салынып жатқан "Жыл мезгілдері. Жаз" тұрғын үй кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар