Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін жүреді - Жаңалықтар | BNews

Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін жүреді

18 мамыр, 2018, 10:10 3300 Астана
Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін жүреді

Жолаушылар көлігі Астанадағы үш мешіттің бағыты бойынша жүреді.

Қасиетті Рамазан айында Астана қаласының мешіттері үш бағыт бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BNews.kz Astana LRT компаниясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Компанияда жол жүру ақысының тегін болатыны айтылды. Автобус "Әзірет Сұлтан" мешітіне дейін мына бағытпен жүреді: - "Спутник" супермаркеті; - "Астана-1" т/ж вокзалы; - "Көктал-2" тұрғын үй алабы.

"Нұр Астана" мешітіне дейін: - "Медицина колледжі"; - "Астана-1" т/ж вокзалы; - "Көктал-2" тұрғын үй алабы.

"Сәдуақас қажы ғылмани" мешітіне дейін: - "Спутник" супермаркеті; - "Көктал-2" тұрғын үй алабы.

Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, осыған дейін ШҚО-да қасиетті Рамазан айында "Имам такси" тегін қызмет көрсететіні туралы хабарлаған едік. Ораза кезінде бір айы бойы бұл таксилер ауызашардан соң оқылатын тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар