Республика бойынша "Қыс 2018" командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

01 қараша, 2018, 11:09 3368 Астана
Республика бойынша

Оқу-жаттығуы аясында аймақтарда электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі.

Бүгін елімізде "Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбында "Қыс 2018" республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу 1-2 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың басшылық штабы Астана қаласында орналасадыОқу-жаттығудың басшысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин.

Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

"Қыс-2018" оқу-жаттығуы аясында 2018 жылғы 2 қарашада республика бойынша ТЖ-ны жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамалармен практикалық әрекеттер өткізіледі.

"Қыс-2018" оқу-жаттығуы аясында елдің өңірлерде электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі. Осы іс-шара халыққа "Баршаның назарына!" құлақтандыру бірыңғай дабылына әрекет ету тәртібін үйрету мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі сабыр сақтауға және үрейленбеуге шақырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар