Республикалық "Бала дауысы" байқауына өтінім қабылдау басталды - Жаңалықтар | BNews

Республикалық "Бала дауысы" байқауына өтінім қабылдау басталды

17 наурыз, 13:05 3275 Астана
Республикалық

Үміткерлер ән байқауына қатысуға өтінімді 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында бере алады.

Астанада Ұлттық "Бала дауысы" ән байқауы аясында 26 сәуірде өтетін салтанатты кеш елорданың 20 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

"Жандану әлемі" қорының бірегей жобасы Ұлттық "Бала дауысы" балалар ән байқауының үшінші маусымы  өз бастауын алды. Еліміздегі балалар арасында өтетін ең ауқымды ән байқауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

"Байқаудың негізгі мақсаты – музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу", - дейді ұйымдастырушылар. 

Балалар ән байқауына қатысуға өтінімді 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында түсіруге болады. Еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу өтеді. 

Байқауға 8-12 жас аралығындағы балалар дайындық деңгейіне қарамастан,  қатыса алады. 18 ең үздік бала ғана байқаудың ақтық финалына жолдама алады.

Күзде еліміздің үздік 18 дауысы "Жұлдызды арман үйінде", Алатаудың баурайында орналасқан "Бөбек"  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды, делінген таратылған хабарламада. 

Ал 27 қазан мен 8 желтоқсан аралығындағы әр сенбі сайын бүкіл ел өз сүйікті қатысушысына дауыс бере алады. 

Байқаудың барлық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық финалистер арнайы сыйлықпен марапатталса, ең үздік деп танылған "Бала дауысы" еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға грантты, ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

"Бала дауысы" байқауының ақтық-финалы 8 желтоқсанда Астана қаласының "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар