Республиканың басым бөлігінде қар жауады

23 қараша, 2018, 09:23 382
Республиканың басым бөлігінде қар жауады

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болады, ал солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы мен Атырау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар