Республиканың басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

19 желтоқсан, 2018, 09:25 1789
Республиканың басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек батыс, солтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, күндіз желдің жылдамдығы15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы, Aтырау, Батыс Қазақстан, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, Aлматы облысының кей жерінде көктайғақ, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел жылдамдығы 18 м/с күшеюі ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар