Роналду «Реалдан» кеткісі келеді - Жаңалықтар | BNews

Роналду «Реалдан» кеткісі келеді

14 қараша, 12:41 1323
Роналду «Реалдан» кеткісі келеді

Криштиану Роналду 2018 жылдың 30 маусымында «Реал Мадрид» клубынан кеткісі келеді. Бұл туралы ол El Chiringuito атты испандық телебағдарламада мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай күтпеген жаңалықты футболшының өзі испандық телеарналардың біріндегі El Chiringuito de Jugones бағдарламасында хабарлаған. Криштиану Роналду «Реал Мадрид» клубының президенті Флорентино Пересуға 2018 жылдың 30 маусымында клубтан кетуді қалайтынын айтқан. Ал мадридтік клуб президентінің жауабы ап-айқын: ол «сүйікті» ойыншысынан айырылғысы келмейді.

Испандық журналистердің хабарлауынша, Роналду «Реал Мадридте» жүріп өзінің дұрыс бағаланбағанын сөз етеді. Биыл жазда футболшы Килиан Мбаппемен келісімшартқа отырмақ болған «Реал Мадридтің» іс-әрекеті Криштиануға ұнамаған.

Бірнеше күн бұрын ол Чемпиондар лигасындағы «Тоттенхэммен» өткен матчтан соң «Мен бақыттымын, енді әрі қарай жалғастырғым келмейді» деген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар