Рудныйда 4 жасар бала үйдің 5-қабатынан құлап кетті

16 шілде, 2018, 11:49 2209 Қостанай облысы
Рудныйда 4 жасар бала үйдің 5-қабатынан құлап кетті

Бала ата-ана қарауынсыз үйде қалған.

Рудныйда ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды BNews.kz  Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға 15 шілде күні Рудный қаласында болған.

"Сағат 17:30-дар шамасында Марите көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде 2014 жылы туған бала 5-қабаттан құлап кетті. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған", - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бала түрлі жарақаттарымен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар