"Рухани жаңғыру" аясында жарық көрген кітаптар қасиетті жерлер туралы баяндайды - Жаңалықтар | BNews

"Рухани жаңғыру" аясында жарық көрген кітаптар қасиетті жерлер туралы баяндайды

30 қаңтар, 15:30 2869

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында екі бірдей жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанның жалпыұлттық нысандары" үш тілде мың данамен басылып шықты.

Оған 185 киелі мекен кірді. Яғни олар  ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық, ортағысырлық қала орталықтары, діни және ғибадат орындары, тұлғалар мен саяси, тарихи оқиғаларға қатысты деп бес топқа жіктелді.

"Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары" кітабының тиражы да мың дана. Басылым қазақ және орыс тілдерінде оқырманға жол тартты. Бұл тізімге 500-ге жуық нысан енгізілген. Сонымен қатар биыл елімізде Ұлытау, Таңбалы тас және Отырар деп аталатын үш киелі орталықтың құрылысы басталады. 

"Жалпыұлттық және өңірлік қасиетті жерлер туралы ғалымдарда  ақпарат мол болуы тиіс. Ал осы ақпарат ел арасынан жиналады. Соған негізделе отырып, тізімге алғаннан кейін насихаттау, туризмді дамытуды аймақтарда тарату мәселесі биылдан бастап, кеңінен таратылады", - деді "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары