Сағадиев "Күнделік" сайтына жасалған кибер шабуылға түсініктеме берді

Написать нам
09 қазан, 2018, 15:04 2555 Астана
Сағадиев

Министрдің сөзінше, "Ұлттық ақпараттық технологияларға" шабуыл жасалды, соған сай "Күнделік" жүйесіне де зақым келді.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Kundelik.kz порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Ұлттық ақпараттық технологияларға" шабуыл жасалды, соған сай "Күнделік" жүйесіне де зақым келді. Шабуыл бірнеше күнге жалғасты. Мән-жайын мен де білмеймін. "Күнделік" жүйесі "ҰАТ" АҚ-тың ішінде орналасқан", - деп жауап берді Ерлан Сағадиев Үкімет отырысынан кейін журналистер сауалына.

Ол шабуылдан кейін Kundelik.kz қана емес электрондық үкіметтің бірнеше қызметі жұмыс істемей қалғанын айтты.

"Бұл дегеніміз олардың бәрі істен шықты деген сөз емес. Олар сол сәтте уақытша істен шыққан болуы мүмкін. Мен оны шеше алатын маман емеспін, бірақ қажетті қорғау жүйелерін орнатса қайтадан бәрі өз орнына келеді", - деп сөзін қорытындылады Білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, "Күнделік" ақпараттық жүйесіне 2018 жылдың 4 қыркүйегінде DDOS хакерлік шабуыл жасалғаны бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған.

Қазір шетелдік DDOS шабуылдарға қарсы тұру бойынша біріккен жұмыстар жасалып жатыр.

"Күнделік" - бұл Қазақстанның жалпы білімдік мектептерінің электрондық күнделіктері мен журналдарының ұлттық жүйесі. Жүйеге 6 мыңнан астам мектеп қосылған, 4 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Электрондық күнделіктерді енгізу арқылы оқу үрдісінің тазалығы және оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпаратпен алмасу қолайлығы жоғарылайды, сонымен қатар есеп тапсыру үрдісі жеңілдейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: