Сағынтаев Президенттің бес бастамасын іске асыру аясында тапсырмалар берді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Президенттің бес бастамасын іске асыру аясында тапсырмалар берді

06 наурыз, 11:34 1328 Астана
Сағынтаев Президенттің бес бастамасын іске асыру аясында тапсырмалар берді

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін өткен Үкімет отырысында "Президенттің бес әлеуметтік бастамасын" ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі екенін айтты.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында министрлікке "Президенттің бес әлеуметтік бастамасын" іске асыру шараларын қолға алуды тапсырды, деп хабарлады BNews.kz.

"Бұл бастамалардың әрқайсысы халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелер. Қарапайым азаматтарға арналған арзан ипотека, табысы төмен жұмыскерлерге салынатын салықты азайту, жоғары білім саласында жыл сайын қосымша 20 мың грант бөлу, ең кемі 75 мың орындық студенттерге жатақхана салу, шағын және орта бизнеске неисе көлемін 20 млрд теңгеге арттыру, солтүстік өңірлерге газ тарту мұның әрқайсысы халықтың әлеуметтік өміріне түбегейлі өзгерістер алып келетін аса маңызды жұмыстар", - деді Премьер-министр.

Ол гүлденген мемлекет деген тиімді басқару мен қуатты экономика ғана емесін, ол ең алдымен рухани кемел және әлеуметтік жағынан барынша қорғалған азаматтар екенін атап өтті.

"Елбасы былтыр "Рухани жаңғыру" бағдарламасын бастап берсе, биыл әлеуметтік жаңғырудың ауқымды шараларын ұсынды. 5 әлеуметтік бастама Елбасының халқына жасаған ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Бастамаларын арнайы үндеу арқылы жариялап, қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі маңыздылығын арттыра түседі. Елбасының халқына ұсынған перзенттік және президенттік сыйы. Қашан да халқының жан дүниесіне терең бойлап, елінің жүрегіндегі арманын тамырын тапқандай дөп басатын Елбасының бастамаларын мүлтіксіз жүзеге асыру, тиянақты орындау бәрімізге сын. Сондықтан да біз бар күш-жігерімізді жұмылдырып, Елбасы жүктеген ел күткен мүддеден шыға білуге тиіспіз", - деп сөзін толықтырды Бақытжан Сағынтаев.

Ұқсас жаңалықтар