Сағынтаев агроөнеркәсіпті цифрландыру бойынша нақты міндеттер қойды - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев агроөнеркәсіпті цифрландыру бойынша нақты міндеттер қойды

30 қаңтар, 14:27 907
Сағынтаев агроөнеркәсіпті цифрландыру бойынша нақты міндеттер қойды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниевтің, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың, сондай-ақ агроөнеркәсіп секторы өкілдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын экономика драйвері ретінде атап көрсеткенін айтты. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық, инновациялық секторға айналдыру керек.

Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс тетіктеріне қолдау көрсетілген. Сонымен қатар Премьер-министр АӨК цифрландырудың тиімділік көрсеткіштерін қайта қарауды, сондай-ақ, 2020 жылға қарай "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Жол картасына енгізілген ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы цифрландыру жұмысын үйлестіруге жауапты - ҚР Премьер-министрінің орынбасары А. Жұмағалиев, салаға бақылау жасау - Премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеевке жүктелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары