Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады

13 шілде, 14:51 2441 Астана
Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады

Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдау карталарымен инвестициялар көлемі 195 млрд теңге болатын, 2,9 мың жұмыс орнын құрумен 23 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады, олардың мысалында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен, Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен және денсаулық сақтау және спорт инфрақұрылымдарын жаңғырту шараларымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының дамуымен танысу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған "Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС нысанында басталды.

Премьер-министр цехте жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты.

Зауытты аралау барысында "ҚМЖЗ" ЖШС директоры А. Кашлаев зауытта өндірілетін өнім сапасының пайызы 96% асатынын айтты. Осылайша, өндіріс көлемі бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге шамамен 5 мың т құрады. Шығарылған құбырлар ұңғымадан сыртқа газ немесе сұйық флюидты тасымалдауға, бұрғылау кезінде және оларды одан кейінгі пайдалану үшін мұнай мен газ ұңғымаларын бекітуге, сондай-ақ суды, пайдалы қазбаларды және тағы басқаларды іздеу кезінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, блоктық-жиынтықты жабдық жол және құрылыс үшін битум мен мазут алуға, ал қондырғылар ұңғымаларды бұрғылауға арналған.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа кәсіпорынды дамыту перспективалары туралы баяндалды. Шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жалпы инвестициялар көлемі 16 млрд теңге болатын және 100 жаңа жұмыс орнын құрумен "Көміртек күйесі өндірісі" жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың т күйені құ

Зауытты тексергеннен кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе" индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Ақтөбе" индустриялық аймағы 200 га аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда жеті жоба құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 29,4 млрд теңге сомасына 508 жаңа жұмыс орнын ашумен төрт жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов өз кезегінде өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту және автожолдарды жөндеу жоспарын жүзеге асыру туралы баяндады. Осылайша, Мемлекет басшысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың 90% үлесіне 2022 жылға қарай қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарының көлемі артып келеді.

"Ақтөбе облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1897 шақырымды құрайды. 2016 жылы 99 шақырым жөнделді, 2017 жылы — 302 шақырым, биыл жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге 404 шақырым жол жөндеу жоспарланған, ал 2019 жылы 43,6 млрд теңгеге 452 км жөндеу болжанған", - деді Серік Төленбергенов.

"ҚазАвтоЖол" ҰК басқарма төрағасы Ермек Кизатов KazWay павильон-сервисінің жұмысын таныстырды. Оның айтуынша, биыл Ақтөбе облысының аумағында республикалық автожолдар мен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің бойында ұзындығы 609 шақырым болатын осыған ұқсас жеті павильон орнату жоспарланып отыр.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Ақтөбе облысында өнеркәсіп өнімдерін шығару көлемі 815,3 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,1% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия, дайын металл бұйымдарының өндірісі артты.

Ақтөбе облысында екінші бесжылдықта (2015-2019 жылдары) Кәсіпкерлікті қолдау карталарымен инвестициялар көлемі 195 млрд теңге болатын, 2,9 мың жұмыс орнын құрумен 23 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 14 жоба пайдалануға берілген, 1100 астам жұмыс орындары құрылған. Бұл әк, бекіту бұйымдарын, борлайтын шарларды, силикат бұйымдарды, металл конструкциялар мен металл бұйымдарды, макарон өнімдерін, жарақаттанудан қорғайтын жабындарды, сүт өнімдерін өндіретін жобалар, ет комбинаты, құрамында хромы бар қалдықтарды қайта өңдеу, мұнай-газ жабдықтары және құбырлар, шыны жуатын сұйықтықтар, антифриздер, шағын МӨЗ, сонымен қатар үй құрылысы комбинаты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: