Сағынтаев Алматы облысында Нұркент жаңа қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты

26 қазан, 2018, 16:28 3066 Алматы облысы
Сағынтаев Алматы облысында Нұркент жаңа қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты

Қаланың жалпы ауданы - 1460 га.

Бүгін Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығынының аумағына барып, онда Қазақстан–Қытай шекарасындағы Панфилов ауданында орналасқан Нұркент жаңа қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының және "Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағын құру жобалары мемлекетаралық маңыздағы нысандар және олар елеулі еңбек ресурстарын тартуды қажет етеді, ал бұл - 36 мыңнан 68 мыңға дейін жаңа жұмыс орындары. Азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдан бастап Нұркент жаңа қаласының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қаланың жалпы ауданы - 1460 га. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа 2035 жылға қарай қала халқының саны шамамен 99 мың адамды құрайтыны айтылды. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай 1 млн м² астам тұрғын үй (І кезек) пайдалануға беріледі - бұл шамамен 5 аудан немесе 50 мың адам. Нұркентте бірінші кезек аясында 24 әлеуметтік нысан, оның ішінде 8 мектеп, 12 балабақша, бір емхана және 3 медициналық орталық салу көзделген.

Алматы облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Б. Тәкенов екі 86 пәтерлік үй бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2019 жылғы наурызға қарай әзір болатынын атап өтті. Үшінші үйдің жоспары жеке инвестор қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. ІІ кезек аясында 4 мыңға жуық адам баспаналы болады. Тұрғын үй қорының жалпы ауданы - 70 мың м².

Бұдан өзге, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру аясында Панфилов ауданының әкімдігі ауданы 16 815 м² болатын төрт 60 пәтерлі арендалық үйді жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Пенжина ауылдық округінің аумағында орналасқан Нұркент ауылы жаңа қаланы салудың бастауы болды. Қазіргі таңда мұнда үш мыңнан астам адам өмір сүруде. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында өткен жылы 120 отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары: мектеп, аурухана, балабақша бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар