Сағынтаев Америка Сауда Палатасының атқарушы директорымен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Америка Сауда Палатасының атқарушы директорымен кездесті

08 тамыз, 16:02 1535
Сағынтаев Америка Сауда Палатасының атқарушы директорымен кездесті

Кездесу барысында зияткерлік меншікті қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Америка Сауда Палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдберимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында зияткерлік меншікті қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және тыю мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысының нәтижелері қаралды. Дәрі-дәрмектерді тіркеу кезінде "патенттік байланыстыру" принципін қолдану, АТ-шешімдерін патенттеу, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және тыю мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылған.

Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Қазақстандағы Америка сауда палатасының атынан Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия бизнесмендері қоғамының, бағдарламалық қамсыздандыру, косметикалық және фармацевтикалық индустрия саласындағы шетелдік құқық иелері компанияларының өкілдері кірді.

Жұмыс тобы құрылған сәттен бастап АСП және Алматы қаласынан шетелдік құқық иелері компанияларының өкілдерінің қосылуымен бейнеконференция байланысы форматында 10 отырыс өткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары