Сағынтаев арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша кеңес өткізді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша кеңес өткізді

20 ақпан, 12:14 599
Сағынтаев арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуы мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Primeminister.kz.

Кеңес аясында АЭА негізгі көрсеткіштері мен олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларының орындалуы және жұмыс жоспарлары туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Маңғыстау облысы әкімі Е. Тоғжанов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Астана қаласы әкімі Ә. Исекешев және Алматы қаласының әкімі Б. Байбек баяндама жасады.

Бұдан өзге, жұмыс істеп тұрған АЭА-ды толтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өз бағыттары бойынша энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының басшылары сөз сөйледі.

Қазақстанда 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА аумағында барлығы 165 жоба іске қосылды, 13 мың жұмыс орны құрылды. АЭА жобаларына тартылған инвестиция көлемі 787 млрд теңгені құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары