Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

27 желтоқсан, 17:42 1564 Астана
Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жылға арналған Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық индексіндегі көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар жоспарын іске асыру қорытындысы, 2018-2019 жылдарға арналған жоспарды өзекті ету, сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг пен талдау жүргізу әдістемесіне қатысты мәселелер талқыланды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар