Сағынтаев бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

13 қыркүйек, 2018, 17:01 2947 Астана
Сағынтаев бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Онда электрондық және биржалық сауда жүйелерін жетілдіру, агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі сауда-саттықты жақсарту мәселелері қаралды.

Кеңес барысында бизнесті дамыту және елдегі сауда қызметін реттеу жағдайларын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, келісімшарттар жасау, миноритарлық инвесторларды қорғау, электрондық және биржалық сауда жүйелерін жетілдіру, агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі сауда-саттықты жақсарту, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеу мәселелеріндегі ұлттық заңнаманы үйлестіруді көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қаралды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова, әділет министрі Марат Бекетаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков пікір білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар