Сағынтаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жіті бақылауға алуды тапсырды - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жіті бақылауға алуды тапсырды

20 наурыз, 2018, 13:45 4780 Астана
Сағынтаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жіті бақылауға алуды тапсырды

Премьер-министр "Денсаулық" бағдарламасының оң нәтижелерін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет сағаты барысында 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін ерекше назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Баяндамалардан көріп отырғанымыздай, көрсеткіштерге қол жеткізіліпті. Мемлекет басшысы өз жолдауында бірқатар таспырмалар берді – ол халықтың денсаулығын жақсарту, яғни бұл денсаулық сақтауды жаңғырту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, соған сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі де баса назарда болуы тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент электрондық денсаулық сақтау туралы айтқан еді. Біз бұл жұмысты атқаруымыз керек", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бір жылға қажет кепілдендірілген ақысыз медициналық көмекті қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектің  95%-ы сатып алынып, біріңғай дистрибьютор қоймасына әкелініп, аймақтарға жөнелтіліп жатқанын айтты. Бағаның өсуі мен тіркеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты, қалған дәрі-дәрмек наурыз айының соңына дейін сатып алынады.

"Үш айға қажет дәрі-дәрмек, яғни 75,9%-ы жөнелтілді. Бірқатар аймақтар дәрі-дәрмектерді амбулаторлық-емханалық жүйе арқылы үлестіре бастады. Осыған байланысты әкімдерді емханаларға дәрі-дәрмек жеткізуді қадағалауды сұраймыз", - деді министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар