Сағынтаев "Экспо-2017" нысандарын пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев "Экспо-2017" нысандарын пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді

26 ақпан, 16:51 810
Сағынтаев

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде "Астана" Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-Университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте "Астана Экспо-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Е. Шорманов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары А. Мамин, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Астана қ. әкімі Ә. Исекешев сөз сөйледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары