Сағынтаев энергия үнемдеу жобаларында инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19 қараша, 2018, 16:21 1612 Астана
Сағынтаев энергия үнемдеу жобаларында инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздің энергия сыйымдылығын төмендету қажеттігін белгілеген болатын.

Бүгін Үкімет отырысында бірқатар министрлер мен әкімдердің энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамаларын тыңдау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев әрбір өнім бірлігіне энергия тұтынуды төмендету алгоритмдерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы еліміздің энергия сыйымдылығын төмендету қажеттігін белгілеген болатын.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп салаларының энергия сыйымдылығын төмендету бойынша тек жалпы деректер бар. Бұл тетік оны қадағалау процесін: әрбір өнімді өндіру барысында энергияны тұтыну төмендеді ме, немесе тек өндіру төмендеп, соның салдарынан энергия таратушыларды тұтыну азайды ма, оны бақылауды қиындатады.

Осыған байланысты Премьер-министр Инвестициялар және даму министрлігіне әрбір өнім бірлігіне энергияны тұтынуды төмендету алгортимін әзірлеуді тапсырды (болат, алюминий, көмір т.с.с. тоннасына).

Сонымен қатар мемлекеттік энергетика тізілімінде 5198 субъектіден тек 710-ы заңды тұлға, ал қалғандары квазимемлекеттік сектор, "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қорындағы компаниялар екенін ескере отырып, олар энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жолға қоюы тиіс.  

Бақытжан Сағынтаев өңірлердің әкімдеріне инвесторлармен және энергия сыйымдылықты кәсіпорындармен жұмысты жандандыруды тапсырды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары мен энергия үнемдеуді насихаттау назардан тыс қалмауы керек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар