Сағынтаев Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесті

04 мамыр, 17:06 3063 Астана
Сағынтаев Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесті

Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталып отыр.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту және шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ ҚР-ның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Оның үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50%-і және ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан астамы тиесілі.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы $9 млрд құрады (2017 жылдың қаңтар–наурыз айларында - $6,8 млрд). 2017 жылғы қаңтардан желтоқсан айына дейін бұл көрсеткіш $30 млрд құрады (экспорт - $24,2 млрд, импорт - $5,7 млрд), бұл $60,2 млрд көлеміндегі ҚР-ның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 49,8% құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары