Сағынтаев халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесті

15 ақпан, 19:55 998 Астана
Сағынтаев халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.  

Кездесу барысында жаһандық технологиялық атқарымдарды пайдалану және отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.

Гюнтер Паули "Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны" (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы, онда табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатыны көрсетілген. Ол қазба ресурстарын пайдалаудан әлдеқайда қарапайым және экологиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индустриялық үдерістерге балама ұсынады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары