Сағынтаев қаржы министрінен жергілікті бюджет көрсеткіштеріне қатысты сұрады

17 сәуір, 2018, 11:28 1813 Астана
Сағынтаев қаржы министрінен жергілікті бюджет көрсеткіштеріне қатысты сұрады

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалалық бюджет 50 млрд теңгені үнемдеді.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан жергілікті бюджеттің көрсеткіштері өткен жылдармен салыстырғанда неліктен төмен екендігін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жергілікті бюджеттердің кірісін қарайтын болсақ, Алматы мен Астана көрсеткіштері жоспар бойынша, алайда өткен жылдың сәуір айымен салыстыратын болсақ ол төмен. Мысалы Алматы өткен жылы – 125,8 млрд болса, биыл 109,6 млрд теңге. Неге?", - деді Премьер-министр.

"Бірінші кварталда біз бір реттік кірістер туралы айтамыз. Десек те әрбір облыста өсім байқалады", - деді Бақыт Сұлтанов.

"Жауап жоқ", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осыған орай Алматы әкімі Бауыржан Байбек, салық  түсімі қалалық бюджетке 107%-ға өскенін жеткізді.

 "34,6 млрд теңге бюджетке түседі. Жалпы алғанда біз 50 млрд теңге үнемдедік", - деп атап өтті Байбек.

Өз кезегінде Астана әкімі Әсет Исекешев ағымдағы жылы жергілікті бюджетке кіріс мөлшері 14%-ға өсетінін жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар