Сағынтаев Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

25 шілде, 15:40 1663 Астана
Сағынтаев Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

Кездесуде  Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды.

Қазақстанның жазушылар одағы - еліміздің әдебиетші қауымын біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым.

Жазушылар одағының құрылымында қазақ, орыс, ұйғыр (1932 жылдан бастап), неміс және кәріс (1977 жылдан бастап) әдебиеті бойынша шығармашылық секциялар бар.

Өңірлік құрылымында - Астана, Қарағанды, Семей, Орал, Шымкентте 5 облысаралық бөлімшелері бар.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары