Сағынтаев Қазақстандағы Өзбекстан елшісімен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Қазақстандағы Өзбекстан елшісімен кездесті

10 мамыр, 17:45 2957 Астана
Сағынтаев Қазақстандағы Өзбекстан елшісімен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық, өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан-Өзбекстан қатынастарының кең ауқымын нығайту және дамыту, сауда-экономикалық, өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту, көлік саласындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру, ғылым, білім, мәдениет, өнер, туризм және спорт саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстандағы Өзбекстан жылы және екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші Форумы аясында шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Саидикрам Ниязходжаевты Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның тәжірибесі, білімі мен кәсіпқойлығы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚР мен ӨР арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында $543,1 млн құраған, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 46,1%-ке жоғары ($371,8 млн). Қазақстаннан Өзбекстанға қаңтар-наурыз айларында экспорт көлемі 55,1%-ке өсіп, $399,9 млн құрады, ал Қазақстанға Өзбекстаннан импорт 25,6%-ке артып, $143,2 млн құрады.

Мұнай-химия саласында және азық-түлік өнімдерін жеткізу саласында сауда үйлері табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстан аумағында 1180 бірлескен қазақстандық-өзбек кәсіпорны жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары