Сағынтаев КИМЭП басшысымен кездесті

29 қаңтар, 2019, 18:10 1606
Сағынтаев КИМЭП басшысымен кездесті

Университеттің барлық академиялық бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады.

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының президенті Чан Йан Бэнгпен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарындағы заманауи білім беру моделіне, ЖОО дамытудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне, сондай-ақ жоғары білім берудің халықаралық стандарттарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

КИМЭП – отандық жоғары білім жүйесінің үздігі, тарихы терең әрі ең ірі университеттердің бірі. ЖОО негізі 1992 жылғы 14 қаңтарда Алматы қаласында құрылды. Орталық Азияда бірінші болып бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Солтүстік Америкалық оқытудың несиелік технологиясын енгізді.

Университеттің барлық академиялық бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. КИМЭП университетінің бағдарламасы беделді еуропалық және америкалық аккредитациялық агенттіктерден халықаралық аккредитация алды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақытжан Сағынтаев #ЖОО

Читайте также

Похожие новости