Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты

29 қараша, 2018, 18:34 1614 Астана
Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, адам капиталын дамыту сияқты бірқатар мәселе қаралды.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты іске асыру, еңбек заңнамасын, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін, энергетика саласы, экология мен мұнай-газ саласын тарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Кеңестің 32-ші пленарлық отырысына дайындық барысы да талқыланды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" Ассоциациясының басқарма төрағасы А. Прейманис, шетелдік тараптардың тең төрағалары Е. Досымбеков, Ш. Гомез, сондай-ақ, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" Ассоциациясының директоры Ж. Байдашева атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Отырысқа қатысушылар шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын және әрі қарайғы жұмыс бағыттарын анықтады. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев келешегі бар жобалар туралы түсініктеме берді.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Кеңес құрамына 30-дан астам шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Кеңестің негізгі міндеті – Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, шетелдік компаниялардың экономиканы әртараптандыруға қолғабыс етуі, өнеркәсіп саласын индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, Қазақстанның экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау,  сондай-ақ халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырып, модернизациялауды әрі қарай жалғастыру үшін ҚР Үкіметі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, реттеуші ортаны жетілдіру, құқық үстемдігі мен мемлекеттік басқару сапасымен қамтамасыз ету, экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып білім беру жүйесін реформалау, адам капиталын дамыту және экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру және қазақстандық өнеркәсіптің жетекші салаларының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар