Сағынтаев Назарбаевқа: Сіздің сеніміңізді ақтау үшін Үкімет барлық тапсырманы орындайды - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Назарбаевқа: Сіздің сеніміңізді ақтау үшін Үкімет барлық тапсырманы орындайды

09 ақпан, 12:12 1608 Астана
Сағынтаев Назарбаевқа: Сіздің сеніміңізді ақтау үшін Үкімет барлық тапсырманы орындайды

Сағынтаев Елбасы Жолдауы мен стратегиялық құжаттар бойынша Үкіметтің 2018 жылға нақты жұмыс жоспары дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған шешімдерінің арқасында Қазақстанның даму деңгейі бәсеңдемегенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Үкіметтің Жолдау және 2018 жылға арналған стратегиялық құжаттары бойынша нақты әрі толық жоспары бар. Үкімет сіздің сеніміңізді ақтау үшін, барлық алға қойған тапсырмаларды орындайды", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары