Сағынтаев облыс әкімдеріне жылу беру маусымының өтуі кезеңін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

25 желтоқсан, 2018, 15:53 2407 Астана
Сағынтаев облыс әкімдеріне жылу беру маусымының өтуі кезеңін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Сондай-ақ, Үкімет басшысы халықты жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау үшін әкімдердің нақты шаралар қабылдауы қажеттігін атап өтті.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жылу беру маусымының өтуі мәселесін қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлады primeminister.kz.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған соң Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жалпы биылғы жылыту маусымы елеулі технологиялық ақаусыз, қалыпты өтіп жатқанын айтты. Дегенмен, бұл мәселе барлық өңір әкімдерінің жіті бақылауында болуы керектігін ескертті.

Бұдан өзге, кейбір өңірлерде қатты аяз болжанып отырғанын және алдағы мерекелік күндерді ескеріп, жергілікті атқарушы органдарға жылумен, энергиямен жабдықтау ұйымдарын қажетті көлемде отынмен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды, қосымша техникалық ресурстар тартуды, тиісті ұйымдар мен бригадалардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы халықты жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау үшін әкімдердің нақты шаралар қабылдауы қажеттігін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар