Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

11 мамыр, 2018, 17:08 3057 Астана
Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2015–2019 жылдарға арналған республикалық Индустрияландыру картасы жобаларының жаңа тізімін әзірлеу және дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде қазіргі Карта 28 жобадан, оның ішінде іске асырудың бекітілген мерзімімен 6,7 трлн сомаға 19,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен 22 жоба және 6 перспективалық жобадан тұратынын атап өтті. Бүгінгі таңда Карта аясында 2,2 трлн теңгеге 6 жоба іске қосылды, 4,3 мың жұмыс орны ашылды. Картаға 1,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашумен, жалпы сомасы 456,2 млрд теңге болатын қосымша үш жаңа жобаны енгізу ұсынылып отыр. Аталған жобаларды іске қосу 2017–2021 жылдарға жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға 2015–2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасын өзектендіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар