Сағынтаев "Росатом" бас директорымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

8 Ноября, 2018, 15:13 4307
Сағынтаев "Росатом" бас директорымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады |  | BNews.kz

Кездесу барысында корпорациямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері талқыланды.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz  primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында корпорациямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, уран өндіру және байыту, жел энергетикасы, атом саласының техникалық базасын жаңарту және түрлі инновациялық өнімдерді өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК мен "Росатом" МК арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей – Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы аясында өзара іс-қимыл жүзеге асырылып жатыр. Бұдан өзге, "Росатоммен" ынтымақтастық "Үлбі металлургия зауыты" АҚ жұмысы және Қазақстан аумағында атом электр станциясының нысандары бойынша бірлескен шараларды атқару аясында іске асырылуда.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости