Сағынтаев СҚО, Қостанай және Павлодар облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

24 шілде, 2018, 12:48 1687 Астана
Сағынтаев СҚО, Қостанай және Павлодар облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында облыс әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу барысы талқыланды.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, көлік және логистиканы, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ, базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде баяндады.

Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар