Сағынтаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

15 наурыз, 18:05 3108 Астана
Сағынтаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Премьер-министрдің ресми сайты.

Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, трансшекаралық суды пайдалану, азаматтық авиация, көші-қон, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны кеңейту мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, өңіраралық қатынастардың перспективалық бағыттары, Қазақстан мен Тәжікстанның іскерлік құрылымдары арасындағы тікелей байланыстар, сондай-ақ екі елдің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Еске сала кетейік, 14 наурызда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәжікстан Президенті Э. Рахмонмен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар