Сағынтаев Түркия президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

10 шілде, 2018, 15:33 1264
Сағынтаев Түркия президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия президентінің лауазымына Режеп Тайип Ердоғанның кірісу рәсіміне 22 мемлекеттің басшылары, 28 премьер-министр мен парламент спикерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 6 хатшысы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Елдің қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған президенттік сайлауда 100% бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады — 26,3 млн-нан астам дауыс 52,59%. Парламенттік сайлауда Ердоған басқаратын Әділдік және даму партиясы ең көп дауыс жинады. Жалпыұлттық дауыс беру елдегі мемлекеттік басқару формасын өзгертті, Түркия парламенттіктен президенттік республикаға айналды.

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28% өсіп, $1,876 млрд құрады, ал экспорт — $1,146 млрд тең болды. Осы жылдың қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы 412,9 млн долларды құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар