Сағынтаев үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді - Жаңалықтар | BNews

Сағынтаев үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

12 наурыз, 2018, 18:18 1554 Астана
Сағынтаев үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыс барысында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасы қаралды, ол Ұйымның инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары бойынша ұсынымдарын жүзеге асыруды қарастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

2015 жылдан бастап Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастықтың қол қойылған Елдік бағдарламасы аясында белсенді өзара іс-қимыл сатысына қосылды. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралдарына қосылуын қарастырады. Бүгінгі таңда Қазақстан 17 құқықтық құралға қосылды, биыл қалған 12-не қосылу жоспарланып отыр. Жүргізілген Шолулар аясындағы ЭЫДҰ ұсынымдары ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі ұлттық Жол картасына (07.09.2017) енгізілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар